BasNewsЖаңалықтар

Қасиетті қара домбыраны қорлағандар жұрттан кешірім сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан видео осыдан бір жарым жыл бұрын түсірілгені белгілі болды.
Домбыраны сындырған жігіт бейнеүндеу жасап, жұрттан кешірім сұрады.

«Бұл – бір жарым жыл бұрын болған. Мен ол кезде не істеп, не қойғанымды білмейтін күйде едім. Жасаған қылығымды кейінірек видеодан көргенде бір-ақ түсіндім. Мен сол кезде кешірім сұрап, жасағаным үшін жауап бергенмін. Таяқ та жедім. Алайда әлдекім видеоны желіге қайтадан салып жіберіпті. Бұл жолы қарсылық тіптен өршіп кетті. Мен бұл әрекетім үшін ұяламын. Қазақ халқының атынан шын пейіліммен кешірім сұраймын. Кешірулеріңізді өтінемін» делінген бейнеүндеуде.

Жұрттың ашуын тудырған видео сәрсенбі күні әлеуметтік желіде тараған еді. Онда жартылай жалаңаш жігіттің домбырада ойнап, әндетіп жүргенін көруге болады. Артынша ол ұлттық аспапты жерге құлаштап ұрып, сындырып тастайды. Бұл кезде қасындағы жолдастары оны қолпаштап, біреуі жайбарақат видеоға түсіріп тұрған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button