Елордада Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғалар ізімен» атты тарихи-танымдық квест өтті.

Елордада Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғалар ізімен» атты тарихи-танымдық квест өтті.
Квестте 4 адамнан құралған 8 команда «Ұлы тұлғалар ізбасары» атағы үшін өзара сайысты. Квест қатысушылары қаланың бірнеше тарихи-мәдени орындарын аралап, Абай Құнанбайұлы, Қаныш Сәтбаев, Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бауыржан Момышұлы сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді. Финалдық деңгейде тарихи тұлға бейнесін бірінші құраған команда жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар:
І орын – «Айқап» командасы “Qaztechna” компаниясы қызметкерлері, қаланың жұмысшы жастары
ІІ орын – «Жаубасар» командасы, әскерилер, қалалық автоклуб мүшелері
ІІІ орын – «Ньютон саңылақтары» командасы қалалық белсенді жастар
Бұл шара жастардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.