Жаңалықтар

Астанада Әлихан Серікзатұлы Мақсұтты еске алуға арналған халықаралық робототехника фестивалі өтеді

2025 жылдың 6 мамырында Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бас ғимаратында дарынды оқушы, жас ақын, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы, өмірден ерте озған Әлихан Серікзатұлы Мақсұтты еске алуға арналған «RoboZerde-2025» I халықаралық робототехника фестивалі өтеді.

Фестивальге еліміздің 20 аймағынан (17 облыс және 3 қала) және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген 10–18 жас аралығындағы 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады. Олар келесі 6 санат бойынша өзара бақ сынайды:

Micro-FPV (12-18 жас)

Дрон футболы (12-18 жас)

Басқару симуляторы (10-18 жас)

Мерген (14-18 жас)

Инверсті сызық бойымен жарыс (9-13 жас)

Шығармашылық байқау – «My Extra Case Competition» (13-18 жас)

 

Фестивальдің мақсаты – оқушылардың робототехника саласына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, техникамен жұмыс істеуге баулу және кәсіби бағдар беру. Сонымен қатар, фестиваль арқылы Әлихан Мақсұттың жарқын бейнесін насихаттап, оның ғылым мен өнердегі жетістігін үлгі ету көзделген.

🎬 Фестивальдің ашылу салтанаты ЕҰУ-дың Президент аудиториясында (№208) өтеді. Ашылу алдында белгілі режиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» атты деректі фильм көрсетіледі.

🏆 Барлық жарыс түрлері University Sports Centre спорттық кешенінде өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және марапаттармен марапатталады.

📅 Фестиваль бағдарламасы:
08:00–08:30 – Қатысушыларды тіркеу
08:30–09:30 – Дайындық, нұсқаулық
09:30–09:50 – Роботтарды карантинге қабылдау
10:00–10:30 – Ашылу салтанаты
10:30–13:00 – Сайыстар
13:00–14:00 – Түскі ас
14:00–16:00 – Сайыстар жалғасады
16:00–16:40 – Қорытынды шығару
17:00 – Фестивальдің жабылуы, марапаттау рәсімі

📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Сәтпаев көшесі, 2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Бас ғимарат

 

Ұйымдастырушылар:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
«Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры»
Астана қаласы Білім басқармасы
«Астана дарыны» орталығы
№9 «Зерде» мамандандырылған лицейі
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Astana IT University
«Роботек» білім беру мектебі
«KAZ ROCKETS» қоғамдық қоры
«My Extra Lab» ЖШС

Back to top button