Жаңалықтар

«Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I Халықаралық робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды

 

 

2025 жылғы 6 мамырда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен «Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I Халықаралық робототехника фестивалі өз мәресіне жетті.

Биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өткен фестивальдің ұйымдастырушылары: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицей, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Astana IT University, Астана қаласының «Роботек» білім беру робототехника мектебі, «KAZ ROCKETS» қоғамдық коры, «My Extra Lab» ЖШС.

Мектеп оқушыларының робототехника саласына қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға елміздің барлық өңірлерінен және Қырғызстан Республикасынан 10 мен 18 жас аралығындағы оқушылардан құрылған командалар қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, ақшалай сыйлықтар, медальдар мен арнайы кубоктар тапсырылды.

«Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I Халықаралық робототехника фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

«Басқару симуляторы» санаты бойынша:  

1 орын: Нсанбаев Алихан, Батыс Қазақстан облысы;

2 орын: Муравьев Тимофей, Қарағанды қаласы;

Бақтығали Рауан, Батыс Қазақстан облысы;

3 орын: Тулеген Тамырлан, Батыс Қазақстан облысы;

Айдар Ислам, Батыс Қазақстан облысы;

Жаңаталап Ислам, Батыс Қазақстан облысы;

 

«My Extra Case Competition» шығармашылық санаты бойынша:

1 орын: «Codi Science» командасы, Астана қаласы;

2 орын: «Fixiki» командасы, Ақмола облысы;

3 орын: «Oyna» командасы, Астана қаласы;

               «Business Woman» командасы, Шымкент қаласы;

«Powerpuff» командасы, Астана қаласы.

 

«Инверсті сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:

1 орын: «Robo Com» командасы. Астана қаласы;

2 орын: «Smart Bala» командасы,  Астана қаласы;

«Irone Pulse» командасы, Жамбыл облысы

3 орын: «Маңғыстау» командасы, Маңғыстау облысы;

«RoboFox» командасы,  Қостанай облысы;

«RoboWay»,  Астана қаласы.

 

«Мерген» санаты бойынша:

1 орын: «Aloft» командасы, Көкшетау қаласы;

2 орын: «Robo Men» командасы, Солтүстік Қазақстан облысы;

«Spiner Bot» командасы, Жамбыл облысы;

3 орын: «Nano Falcons» командасы, Абай облысы;

«Robocop» командасы, Астана қаласы;

«ShunDas58» командасы, Астана қаласы.

 

«Micro-FPV» санаты бойынша:

1 орын: Муравьев Тимофей, Қарағанды қаласы;

2 орын: Нсанбаев Алихан, Батыс Қазақстан облысы;

3 орын: Тулеген Тамырлан, Батыс Қазақстан облысы.

 

«Дрон футболы» санаты бойынша:

1 орын: «ОБТШО» командасы, Батыс Қазақстан облысы;

2 орын: «URBAN OVERMIND DRONESOCCERS» командасы,

Астана қаласы;

3 орын: «Орден Феникса» командасы, Астана қаласы.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Back to top button