ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шардаралық тыл ардагерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай құрметке бөленді. Осы ретте, аудан әкімі Арман Қарсыбаев тыл ардагерлері Айдын Оразбекова, Сраил Сахов пен Анатолий Семеновичтың шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады. Кездесуде бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттарды табыстады.
“Бұл – жанқияр ерлік пен батырлықтың, халқымыздың қаһармандық рухының жарқын көрінісі болған қасиетті мереке. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды. Тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етті. Сондай-ақ, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтып отырды”,- деді Арман Қарсыбаев
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі