2025 – СӘТБАЕВТЫҢ ГҮЛДЕНУ КЕЗЕҢІ

2025 жыл Сәтбаев қаласында абаттандыру және тазалық пен тәртіп сақтау жылы болмақ.
Жыл басынан бері тұрғындар мен жүргізушілерге жолда жүруге қолайлы жағдай жасау үшін, 2500 тонна қар шығарылып, 80 тонна тұз бен 350 тонна құм себілді.
Көктемгі екі айлық: Қала тазалығы басты назарда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 5 таза бейсенбілік пен 5 сенбіліктер өткізіліп, 450 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Жарық қала – жайлы қала. Жыл басынан бері 500ге жуық өтініш түсіп, 400 данаға жуық шамдар ауыстырылды.
Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту: қураған ағаштарды кесу бойынша жыл басынан бері аула ішінен 2600 дана ағаш кесілді.
Жол инфрақұрлымын жақсарту: Жол жөндеу жұмыстары басталғанға дейін, наурыз айынан бастап, 161 тонна салқын асфальтпен 40 учаскеде шұңқырлар бітелді.
Биыл алғаш рет Абай көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол 2 м-ге ұзарып, суағар салынады.
Жалпы ұзындығы 8 км-ге жуық 8 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қаланың көркі – абаттандыру арқылы жақсарады. Биыл 50-ге жуық балалар алаңы орнатылады. 3 футбол, 4 жаттығу кешені, 4 баскетбол-воллейбол алаңдары бой көтереді.
Қаланың төменгі бөлігіндегі 8,9, 15В,16 орамдарда толық абаттадыру жұмыстары жүргізіледі.
Тұрғындардың демалысы мен мәдени уақыт өткізуі үшін төрт жаңа сквер ашылады. Бұл скверлер қаладағы жасыл аймақтарды көбейтіп, экологиялық ахуалды жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған маңызды жоба болып табылады.
Тұрғын үй құрылысы – қаланың тұрақты дамуының негізі. Былтыр екі көпқабатты тұрғын үйдің құрлысы аяқталды. Биыл 86 отбасы жаңа баспанаға ие болады. Сонымен қатар, осы жылы үш 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл дегеніміз 180 отбасы келер жылы баспаналы бола алды.
Жертөлелерді қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды.
627 көпқабатты тұрғын үйлердің 69-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 11 көпқабатты тұрғын үйде ыстық су желілері жөнделмек. Ауыз су желілерін ауыстыру 8 үйде жүргізіледі. Кәріз құбырлары 12 тұрғын үйде ауыстырылады. Қалған 527 үйде ағымдағы жұмыстар жүргізілетін болады.
Кәсіпкерлікті қолдау – тұрақты даму кепілі. Шағын және орта бизнес пен өнеркәсіп кәсіпорындарының инвестициялары 1,26 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 133% өсті.
Қаңтар-наурыз айларында Сәтбаев қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,19 млрд теңгені құрады.
Қалада «Сәтбаев» индустриалды аймағы құрылып, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Сәтбаев қаласы қарқынды дамып, ел игілігі үшін іргелі істерді ілгерілетіп келеді! Біз бірлігіміз бен бірлескен еңбегіміз арқылы қаламызды көркейтіп, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ұмтыламыз. Әрбір жетістік — бұл біздің ортақ жеңісіміз. Алдағы уақытта да қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына, мәдени және спорттық шаралардың өсуіне бар күшімізді саламыз. Сәтбаев қаласы – тұрақты даму мен мүмкіндіктердің ордасы бола берсін!