Жаңалықтар
Жақсылық Тлеуұлы Үншібаевты еске алуға арналған қазақша күрестен республикалық турнир Сәтбаев қаласында өтті

Сәтбаев қаласында Ұлы Отан соғысының батыры, «Даңқ» орденінің толық иегері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Үншібаев Жақсымбек Тілеуұлын еске алуға арналған қазақ күресінен Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған турнирге 2010–2011 жылы туған кіші жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жастар (Түйе палуан санатында) қатысты. Дода жас балуандардың шеберлігін шыңдап, ұлттық спорт түрі — қазақ күресін кеңінен насихаттауға бағытталған.
ТҮЙЕ ПАЛУАН және 500 000 теңге ақшалай жүлде иегері — жерлесіміз Ерасыл Нұғманды шын жүректен құттықтаймыз!
Жас палуанға алдағы жарыстарда сәттілік пен биік белестер тілейміз!