Жаңалықтар

Ұлытау облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде

 

Биыл саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 17 220 гектар аумақта жүргізіледі дее жоспарлануда. Оның ішінде, Ұлытау ауданы – 9 870 гектар, Жаңаарқа ауданы – 5 030 гектар, Қаражал – 2 320 гектар.

Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласында 7 350 гектар аумақ жеңіл әуе көлігі арқылы тазартылса, Ұлытау ауданының 4 830 гектар жері жеңіл әуе және 5 040 гектары жер үсті көлігімен өңделеді.

Қазіргі таңда Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ ауылдық округінде саяқ шегірткелер қоныстанғаны анықталып, 1300 гектар шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері өңделді.

Back to top button