Жаңалықтар
📢 ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАР 60%-ҒА СУБСИДИЯЛАНДЫ

Мемлекеттік қолдау шаралары аясында тыңайтқыштарды (аммофос 10-46) субсидиялау жұмыстары жалғасуда. Мамыр айында облыстық бюджеттен 67 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, «ҚазФосфат» ЖШС-не төленді.
✅ Бұл шара нәтижесінде шаруа қожалықтары тыңайтқыш құнының тек 40 пайызын ғана төлеп, өнім сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 60 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
🔹 Шаруалар тарапынан тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, егіс алқаптарына енгізу жұмыстарын күшейту қажет.
📌 Қажеттілік туындаған жағдайда облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылады.