Ұлытау облысында «Жезқазған – Қызылорда» автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында республикалық маңызға ие «Жезқазған – Қызылорда» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Жобаны жүзеге асырушы – “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы.
Ұзындығы 208 шақырымды құрайтын жол учаскесі ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа ауыстырылады. Бұл жаңарту жол қауіпсіздігін арттырып, көлік қозғалысын барынша ыңғайлы әрі тиімді етеді деп күтілуде.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында келесі жұмыстар атқарылуда:
Жол негізін әзірлеу;
Құмды-қиыршық тастан төменгі қабат төсеу;
Геотекстиль жабындысын төсеу;
Қиыршық тасты-құмды қоспадан жасалған астыңғы қабатты төсеу.
Жоба аяқталған соң «Жезқазған – Қызылорда» бағыты бойынша қозғалыс қарқыны артып, өңірдің көлік-логистика әлеуеті едәуір күшеймек. Бұл өз кезегінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.