Жаңалықтар

Домбыра – үнсіз ойнайтын актер.

Домбыра – сахнаны қажет етпейтін, бірақ өзі тұнып тұрған драма. Ол – қазақтың шынайы эмоциясы, тоқтаусыз толқыны. Бірде – шерлі трагедия, бірде – лирикалық роман, бірде – сал-серінің комедиясы.
Мен үшін домбыра – сөзсіз сахна. Оның үнімен бүкіл спектакльді ойнап шығуға болады. Ол – кейіпкер де, автор да, режиссер де.
Қазақтың жүрегінен шыққан күй – көзсіз эмоция емес, жоғары көркемдік форма. Ол – сахнадағы сезім мен серпінді үннің үндестігі. Әр күй – қысқа, бірақ мағынасы терең бір актілі пьеса.
Ұлттық өнер – театрдың да негізі. Театр мен домбыра – егіз ұғым. Бірі көзге көрінетін эмоцияны, бірі – естілетін сезімді жеткізеді. Екеуі де рухты тәрбиелейді, көрерменді тәрбиелейді, адамды тереңдікке жетелейді.
Жастарға айтарым – домбыра тартуды үйрену актерлік шеберлікпен тең, мебебі күй арқылы өзіңді тыңдауға, сезіміңді басқаруға, үндемей-ақ әсер етуге үйренесің. Бұл – сахнадағы ең үлкен өнер. Күйдің үнімен – жан-дүниені өзгертуге болады.
Ұлттық домбыра күні – бұл тек еске алу емес, ойлану мен ояну күні.Қазақтың үні, үміті, үдерісі – осы аспапта.
Back to top button