Жаңалықтар

Ата кәсіпке бетбұрыс: «Ауыл аманаты» жобасының жемісі

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінде орналасқан «Сержан» шаруа қожалығының басшысы Еркін Жәнібеков жылқы шаруашылығын дамытып отыр. Ол «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% мөлшерлемемен 5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейткен.

– Алға қойған мақсатым ойдағыдай орындалып келеді. Сауыншы, тракторшы сынды жұмысшыларым бар. Жылқыдан бөлек, ірі қара мен ұсақ мал да өсіреміз. Алдағы уақытта тағы да несие алып, мал басын арттыруды көздеп отырмын. Мемлекет пен партияның қолдауы ауыл тұрғындары үшін үлкен демеу болды, – дейді Еркін Жәнібеков.

Ата кәсіпке бет бұрған шаруа бүгінде бие байлап, табиғи өнімдер ұсынып отыр. Ол кәсібі арқылы ауылда жұмыс орындарын ашып, жергілікті тіршіліктің жандануына үлес қосуда.

Back to top button