Жаңалықтар

Астанада мемлекеттік тілді визуалды насихаттаудың жаңа жобасы іске қосылды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тілді танымал етудің жаңа форматын енгізді. Қаладағы қоғамдық орындарда арнайы фотозоналар орнатылып, тұрғындардың визуалды мәдениет арқылы тілге деген қызығушылығын арттыру көзделіп отыр.

Фотозона дизайны арнайы әзірленген: Қазақстан картасы, жүрек бейнесі, «Отаны бірдің – жүрегі бір. Жүрегі бірдің – тілегі бір» ұраны. Бұл визуал – ұлттық бірлік пен тілді насихаттаудың символдық бейнесі.

Back to top button