BasNews

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА КӨШЕ ЖАРЫҒЫНЫҢ БАҒАНДАРЫН ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Көше жарығының жаңа бағандарын орнату жұмыстары толық көлемде аяқталды. Жоба аясында 160 тірек орнату жоспарланған болатын – олардың барлығы белгіленген мерзімде іске қосылды.

 

Жаңа жарық бағандар бұрын жарықтандырылмаған аймақтарда, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері негізінде көрсетілген жерлерде орнатылды. Бұл жобаны іске асыру түнгі уақытта тұрғындардың қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын едәуір арттырады.

 

Жарықтандыру келесі көшелер мен аумақтарда орнатылды:

 

– Рысқұлов көшесі

– Горняцкая көшесі

– Абай көшесі (№ 37–45, 8–10, 16, 56–62 үйлер)

– Поликлиника ауданы

– «Апорт» дүкені ауданы (Сәтпаев даңғылы)

– Мәңгілік Ел көшесі (№ 19 және 21А үйлер)

– Бұлқышев көшесі

– Қалмағамбетов көшесі

– Бепенажанов және Құсайынов көшелерінің аулалары

– Ұлытау көшесі (№ 64–78 үйлер)

– ССК аумағы

– Тәуелсіздік даңғылы, 3

– ҰҚК ғимаратының алды

– № 1 және № 4 мектептердің аудандары

Басқа жаңалықтар

Back to top button