inDrive бағасы тұрақты тарифті іске қосады

Жаңа Fixed тарифінде жол жүру бағасы келісілмейді, баға алдын ала белгіленеді, жүргізуші табу жылдамырақ болады, ал жүргізуші көбірек табыс таба алады.
inDrive көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы қаладағы сапарға арналған Fixed жаңа тарифін іске қосты. Бұл тарифтің inDrive-тің әдеттегі моделімен салыстырғанда ерекшелігі бар: бұрын жолаушы мен жүргізуші бағаны өзара келісіп бекітсе, Fixed тарифінде баға алдын ала бекітіледі және өзгермейді. Сапар бұрынғыдан сәл қымбат болуы мүмкін, бірақ жүргізуші мен жолаушы табу жылдамырақ болады. Жолаушылар мен жүргізушілер бағаны өзара келісетін бұрынғы тарифтер де қала береді.
Бәріне ыңғайлы
inDrive-тің әдеттегі моделі – жол ақысына саудаласу бүкіл әлемде қолайлы әрі оған сұраныс жоғары екенін дәлелдеді. Соның арқасында inDrive соңғы үш жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қалалық көлік қолданбаларының ішінен екінші орынды иеленіп отыр. Ал Fixed тарифі жолаушы үшін сапардың тез болуы бағаға қарағанда маңызды болған кезде ыңғайлы.
Жолаушылар үшін – Fixed тарифі сапардың жылдамдығы аса маңызды болған кезде ыңғайлы. Жолаушылар бағаның таксидің нарықтағы орташа бағасына сай екеніне сенімді бола алады, бірақ бағаны келісіп өзгерте алмайды.
Жүргізушілер үшін – жаңа Fixed тарифі әдеттегі жол ақысына қарағанда көбірек болуымен тартымды болмақ. Олар көбірек табыс таба алады.
Комиссия мен қолжетімділік
Fixed тарифіндегі сервис комиссиясы басқа inDrive тарифтерімен бірдей төмен болып қалады – шамамен 10%. Ал басқа кейбір қызметтер 20%-дан да жоғары комиссия алуы мүмкін. inDrive миссиясы – әділетсіздікке қарсы тұру, әрі әділ комиссияны сақтау осы ұстанымның маңызды бөлігіне жатады.
Қазір жаңа тарифті Қарағанды, Павлодар және Теміртау тұрғындары қолдана алады, болашақта бүкіл Қазақстан бойынша іске қосылады.
Қазіргі таңда inDrive Қазақстанның түрлі қалаларында келесі тарифтерді ұсынады:
Комфорт – сапа деңгейі жоғары көліктер. Рейтингі өте жақсы және фототексеруден өткен жүргізушілер ғана қабылданады. Автокөліктердің қолданылып жүргеніне төрт жылдан аспауы керек.
Попутка (Жол-жөнекей) – жүргізушілерге бірден бірнеше жолаушыны алуға мүмкіндік береді, ал жолаушылар жол ақысын бөліп төлей алады.
Fixed (Тұрақты баға) – тапсырысты тек жақын маңдағы жүргізушілер көреді, жол ақысына саудаласу болмайды. Жылдамдық пен қарапайымдықты бағалайтындар үшін ыңғайлы.
Старт – ең арзан тариф. Қолданбамен алғаш танысқан жолаушылар үшін ыңғайлы. Жол ақысы нарықтағы бағадан төмен болады.
Тариф | Ерекшеліктері |
Комфорт | Көлікке қойылатын талаптар жоғары, фототексеру, рейтингі өте жақсы көліктер |
Попутка (Жол-жөнекей) | Жол ақысын басқа жолаушылармен бөліп төлеу арқылы үнемдеу мүмкіндігі |
Без торга
(fixed) |
Бағаны жүйе белгілейді, жол ақысына саудаласу мүмкін болмайды |
Старт | Ең арзан тариф |
inDrive компаниясы туралы
inDrive – бас кеңсесі Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 360 миллионнан астам рет жүктелген және қатарынан үшінші жыл бойы жол жүруге тапсырыс беруге арналған қосымшалар арасында жүктелу саны бойынша екінші орында тұр. Жол жүруден бөлек, inDrive қалалық қызметтердің кеңейіп келе жатқан тізімін ұсынады, оған қалааралық және жүк тасымалдау, курьерлік және B2B жеткізу қызметтері кіреді. 2023 жылы inDrive New Ventures – венчурлік және M&A бөлімшесін іске қосты.
inDrive 48 елдегі 982 қаладан астам жерде жұмыс істейді. Өз миссиясына сүйене отырып, компания 2030 жылға дейін миллиардтаған адамның өміріне оң әсер етуді мақсат етеді. Бұл мақсатқа компания негізгі қызметі арқылы – жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын әділ баға қалыптастыру моделін қолдана отырып, сондай-ақ өзінің коммерциялық емес ұйымы – inVision арқылы қол жеткізіп келеді. inVision бағдарламалары қауымдастықтарды қолдай отырып, білім, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да маңызды бастамаларды дамытады.
Қосымша ақпарат: www.inDrive.com