Жаңалықтар

«Абай әлемі»: Семейде әдеби-сазды танымдық кеш өтті

Семей қаласы Абай атындағы театрда Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Абай әлемі» атты әдеби-сазды танымдық кеш өтті.

 

 

Шараның негізгі мақсаты – дәстүрлі ән өнері арқылы Абай мұрасын насихаттап, ұлттық рухани құндылықтарды кеңінен дәріптеу болды.

 

 

Кеш барысында көрермендерге Абай шығармашылығының терең философиялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігі дәстүрлі ән мен күй арқылы ұсынылды.

 

Аталған кешке ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев пен Еркін Шүкіман, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева және Гүлмира Сарина қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

 

Әдеби-сазды кештің жүргізушісі – Қазақ радиосының «Шалқар» арнасының редакторы, әнші әрі радиожурналист Жасұлан Базарбеков болды. Ол көрерменге кештің мазмұнын терең түсіндіріп, Абай әлеміне сапар шеккен тыңдарманмен рухани байланыс орната білді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button