BasNews

ЖАҢААРҚАДА КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА

🔹Жаңаарқа ауданында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Көпбейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

 

🔹Ауқымды жөндеу аясында аурухананың іші-сырты толық жаңартылуда. Атап айтқанда, терезелер мен есіктер, едендегі линолеум, кәріз және электр жүйелері, желдету (вентиляция) жүйесі ауыстырылып, сыртқы қаптамасы, шатыр жабындысы жаңарып, аурухана аумағы абаттандырылады.

 

🔹Жөндеу жұмыстарының мердігері – Алматы қаласынан келген «Еңбек» ЖШС. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 10 ай және ол кезең-кезеңімен жүргізіледі.

 

🔹Бүгін аудан әкімі нысанға арнайы барып, жөндеу барысымен танысты. Әкім мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жұмыстардың сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және құрылыс стандарттарының сақталуына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

 

🔹Жөндеу аяқталған соң, аудан халқы заманауи талаптарға сай жаңарған медициналық нысанда ем қабылдау мүмкіндігіне ие болады.

 

📌P.S. Бұл – күрделі жөндеу болғандықтан, лифт жүйесі жаңартылмайды. Себебі лифтіні ауыстыру реконструкция санатына жатады. Ал бұл – техникалық тұрғыда мүлдем басқа жоба. Жөндеу шаралары аяқталған соң көзге бірден түсетін осы жайтты тұрғындарға түсіндіре кетуді жөн көрдік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button