Жаңалықтар

Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным

Семей қаласы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы университетте ұлы ақын, ағартушы, гуманист Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Абай облысының әкімдігі, Шәкәрім университеті және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі ұйымдастырды.

 

 

Конференцияның мақсаты – Абайдың рухани мұрасын заманауи тұрғыдан зерделеу, оның «толық адам» ілімінің ұлттық сана мен тәрбие жүйесіндегі орнын айқындау болды.

 

Шарада гуманизм, руханият және мәдени-философиялық мәселелер талқыланып, жас зерттеушілерге тәжірибе алмасу мүмкіндігі ұсынылды.

 

Қазақстан, Түркия, Нидерланды, Ресей және басқа да елдерден келген әдебиеттанушылар, философтар, тіл мамандары мен абайтанушылар Абай шығармашылығының қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button