BasNews

Шығыс Қазақстан облысында «Қалқан-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды

2025 жылғы 13–15 тамыз аралығында облыс аумағында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi бірлесіп ұйымдастырған «Қалқан-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысты.

 

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтерінің объектілік құралымдары, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері бірлесіп төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады.

 

Оқу-жаттығуларға қатысушылар мен далалық жиындар шеңберінде алған практикалық дағдылар ТЖ-ға дайындық пен іс-қимыл алгоритмін жетілдіруге, химиялық және радиациялық авариялардың жағымсыз салдарын азайтуға мүмкіндік берді.

 

Оқу-жаттығу барысында тұрғындарды эвакуациялау, жеке қорғану құралдарын бір мезгілде тарату, мал базаларын герметизациялау, жем-шөп пен су көздерін қамтамасыз ету сияқты шаралар пысықталды.

 

Радиациялық қауіпті объектілерде ТЖ жою, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдайтын теміржол көлігіндегі апаттарды жою бойынша оқу-жаттығулар өткізілді.

 

Алғаш рет дрондар қолданылды, оларға радиометрлер қауіпті аймақтың координаттары бар картаны беру арқылы кросс радиациялық фонды өлшеу үшін бекітілді.

 

«Қалқан-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы — бұл елдегі энергетика саласының дамуына байланысты туындайтын жаңа қауіп-қатерлерге дайындықты тексеру. Қазіргі уақытта радиациялық мониторинг үшін барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың радиометрлерін бірыңғай желіге біріктіру мүмкіндігі пысықталуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button