
Жылыту маусымы басталар алдында облыстағы ТЖД қызметкерлері пешпен жылытылатын, әлеуметтік осал топтарына жатқызылған азаматтар тұратын тұрғын үйлерге аула аралау жұмыстарын жүргізіп, жылыту пешін пайдалану ережелерін , қыс мерзіміне пешті дайындау керектігін түсіндіріп, үйлердің өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына визуалды қарау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінгі күнде 319 тұрғын үйлерден 379 бұзушылықтар анықталып,ТЖД қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша оның 185 бұзушылығы бірден жойылды.
Жоғарыда көрсетілген жанұяларда ҚР ТЖМ 30 жылдығына орай 30 игі іс аясында Ұлан ауданында улы газ датчиктерін орнату жұмыстары басталды.Датчиктерді аудандық акимат берді.
“Аула аралау кезінде улы газ датчиктері орнатылды, оларды өрт қауіпсіздігіне сәйкес келтіруге көмек көрсетілуде.Соңғы жылдары аймақта есеппен 16 000 “ақылды” датчиктер орнатылған,олар 42 адамның өмірін сақтап қалуға көмегін берді”,- деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов атап өтті.
ШҚО ТЖД тұрғындарға қысқы кезеңге пешті дайындау үшін ережелерді ескертеді:
1.Пештің ішін және сыртын және пештің алдындағы парақ пен бөліктерін мұқият қарап,ақаулықтардың бар-жоғын тексеріңіз,қажет жағдайда түтін мұржасы мен пештің өзін сылақтаңыз.
2.Түтін мұржаларын жылыту маусымы басталар алдында және 3 айда 1 реттен кем еме с уақытылы күлден,ыстан тазалаңыз.
3.пнштің есігінің бекіткішін тексеріңіз.
4.Жылыту пешінің алдына өлшемі 50*70 см темір парақша орнатыңыз.
5.Жылыту пеші жанатын конструкциялардан белгіленген нормада өртке қарсы арақашықтықпен қамтамасыз етілуі керек.
Жылыту пешін пайдалану кезінде тиым салынады:
-жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға,сонымен қатар оны бақылауды балаларға тапсыруға
-пештің алдына отынды,басқа да жанатын заттар мен материалдарды қоюға
. пешті жағуға бензин,керосин,дизелді отын және басқа да тезтұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға
.желдеткіш және газ каналдарын түтін өткізгіш ретінде қолдануға
-пешті қатты қыздыруға
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмері бойвнша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі