
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бой көтеретін жаңа Алатау қаласының болашағына қатысты нақты тапсырмалар берді.
Оның айтуынша, бұл жоба Қазақстанды іскерлік пен инновацияның жаңа деңгейіне шығаруға бағытталған.
Президент өз сөзінде:
«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс», – деді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қала құрылысына арналған жер телімі бөлініп, бастапқы жоспарлау жұмыстары аяқталған. Қажетті инфрақұрылымның негізгі желілері де жүргізіліп қойған.
Жақында Қытайға жасаған сапарында Тоқаев әлемнің жетекші компанияларымен миллиардтаған долларлық келісімдерге қол жеткізгенін мәлімдеді. Соның ішінде Шэньчжэнь қаласын дамытуға үлес қосқан ірі компаниялардың бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей қатыспақ.
Президенттің айтуынша, ендігі басты міндет – қаланың мықты институционалдық негізін қалыптастыру. Ол үшін қалаға арнайы мәртебе беру көзделуде:
– Үкіметке тікелей бағынатын қала мәртебесі туралы жарлықты он күн ішінде дайындау тапсырылды;
– Алты айдан кешіктірмей, қаланы басқару жүйесін, қаржылық моделін және басқа да маңызды тетіктерді айқындайтын жеке заң қабылдау қажет.
Тоқаев арнайы құқықтық мәртебе артықшылық емес, жобаны қағаз жүзінде қалдырмай, іс жүзінде жүзеге асыруға қажетті құрал екенін ерекше атап өтті.
Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет», – деді Ел басшысы.
Сонымен қатар, Alatau City аймақтағы алғашқы толық цифрланған қалаға айналуы тиіс. Мұнда Smart Cityтехнологиялары енгізіліп, тіпті тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеу мүмкіндігі қарастырылмақ.