Жаңалықтар

Ұлытау облысында «»Таза Қазақстан»» акциясы өтті

Ұлытау облысында елді мекендердің сыртқы келбетін жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 13 қыркүйегі мен 12 қазаны аралығында қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша күзгі бір айлық өткізілуде.

 

Осыған орай, 4 қазан күні сағат 09:00-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

 

Тазалық шарасына облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер белсене қатысты. Сенбілік барысында көшелер мен саябақтар, аулалар мен қоғамдық орындар тазаланып, қоқыс шығарылды, ағаштар мен гүлдер отырғызылды.

 

Мұндай шаралар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button