BasNewsЖаңалықтар
Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz.
«Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», – деді Л. Бюрабекова.
Осы орайда ол соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровта инфекция анықталмағанын жеткізді.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды.