«Таза Қазақстан» аясында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған қоғамдық кездесу өтті

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған кең ауқымды қоғамдық кездесу ұйымдастырылды. Жиында тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және табиғатқа жауапкершілікпен қарау жөніндегі бастамалар талқыланды.
Спикерлер – Қоғамдық кеңес мүшесі Ернар Үсенов пен эко-белсенді Аружан Аимишова – экология бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісіп, қоғамның белсенді қатысуының маңызын атап өтті.
Кездесу барысында жыл басынан бері жүзеге асқан негізгі нәтижелер таныстырылды. Соның ішінде:
• 200-ден астам экологиялық акция өткізілді;
• 500 тоннадан астам қоқыс жиналды;
• 11 мыңнан астам ағаш және 46 мың түп гүл отырғызылды;
• тұрғындар мен жастар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық шаралар тақырыбы ел деңгейіндегі бастамалармен де сабақтасып отыр. 21 сәуір 2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде бұл акция бір күндік науқан болмауы тиіс екенін, керісінше, әрбір қазақстандықтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет екенін атап өткен еді. Жергілікті кездесулер мен қоғамдық бастамалардың белсенділігі дәл осы міндетке бағытталғанын спикерлер де тілге тиек етті.
Тұрғындар жиын барысында өз ұсыныстарын айтып, қаланы абаттандыру мен экологиялық бастамаларды жалғастыруға қатысты сұрақтар қойды.
Қоғамдық кездесу өңірде экологиялық мәдениетті нығайтуға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға серпін берді.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan



