Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді қалай тексеруге болады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңізді 1 минут ішінде тексеруге болады. Мәртебені тексеру үшін телефон немесе компьютер болса жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«31 наурызға дейін елдің барлық тұрғындары «шартты түрде сақтандырылған» болып табылады. Бұл уақыт азаматтардың барлығына өз мәртебесін анықтау үшін тұрақты жарналар жасай бастау үшін беріледі. Себебі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап медициналық сақтандыруға кіретін қызметтерді, соның ішінде, қымбат тұратын зерттеулер, операцияларды тегін алуға тек сақтандырылған, дәлірек айтар болсақ, тұрақты жарналарды өздері жасайтын, жалақыдан жарналар ұсталатын және жеңілдік категорияларына кіретін және мемлекет сақтандырған азаматтар ғана құқылы болады», – деді медсақтандыру Қоры Қарағанды филиалының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Светлана Щеткина.