Жаңалықтар

Ұлытау облысы оқушылары республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

2025 жылғы 25–29 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық кезеңі өтті. Бұл беделді жарыста Ұлытау облысы оқушылары өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

  • Математика:
    • Жаңаарқа ауданы, Бименде ауылы, Амалбеков атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Нәрік Медина – жүлделі орын;
    • Бименде ауылы, Амалбеков атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Кейкова Көркем –I орын.
  • Химия:
    • Еламан ауылы, Шаханов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Меньшикова Вероника –III орын;
    • Бименде ауылы, Амалбеков атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Абюров Жанибек –III орын.

Ұлытау облысы оқушыларының жеңістері олардың жоғары білім деңгейін, мұғалімдердің тиімді жұмысын және өңірдің білім беру мекемелерінің қолдауын көрсетеді. Мұндай жетістіктер ғылымды насихаттауға және оқушыларды жаңа білімге, кәсіби дамуға ынталандыруға мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық ұжым жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтап, осындай шаралардың оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын қалыптастыруда және елдің интеллектуалдық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ұлытау облысы жас таланттарына жаңа жетістіктер, республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жеңістер және оқу мен ғылыми қызметте жаңа биіктерге жетулерін тілейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button