Жаңалықтар
ҚОҚЫС ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ: «ҰЛЫТАУ ЭКОСЕРВИС»

Сәтбаев қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсеткен «Сәт-Тазалық» ЖШС-мен жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталды.
1 қаңтардан бастап қала аумағында қоқыс шығару қызметін жаңа компания — «Ұлытау экосервис» ЖШС жүзеге асыруда.
1–4 қаңтар аралығындағы демалыс күндері қала бойынша 1 080 текше метр қоқыс шығарылды.
Қоқыс жинау бойынша нақты жұмыс кестесі бекітілді. Қызмет көрсету күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кету керек, қоқыс шығару тарифі өзгеріссіз қалды.



