Жаңалықтар

Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Авторлық қадағалаушы — «Бірлестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігІ.

техникалық бақылаушы — «BS-INVEST Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, 1030 млн.теңгеге өтпелі келісім шарт жасалды. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылға жергілікті бюджеттен 300 млн.теңге қаражат бөлінді. 2026 жылға жергілікті бюджеттен 730 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Бүгінгі күнге дейін Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша демонтаж, сылақ жұмыстары, едендерге бетон құйылып, электр жүйелері, ғимараттың терезелері, жылу радиаторлары ауыстырылды, су желілері, жылу және кәріз жүйелері жүргізілді, ауа алмасу (вентиляция) жүйесі орнатылды.

Мердігермен жасалған өтпелі келісім шартқа сәйкес ғимаратта жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі 2026 жылдың желтоқсан айы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button