Жаңалықтар
«Конституция – отбасы мен қоғамның негізі» тақырыбында Аналар кеңесімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың рөлі және қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Конституцияның маңызы талқыланды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясында отбасы қоғамның негізгі тірегі ретінде айқындалғанын атап өтіп, ата заңда бекітілген қағидалардың күнделікті өмірдегі мәніне тоқталды. Аналар жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында пікір алмасты.
Кездесу барысында отбасы институтын қолдау, қоғамдағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайту мәселелері қозғалды. Іс-шара соңында қатысушылар ортақ суретке түсіп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік маңызы бар кездесулерді тұрақты өткізу жөнінде ұсыныстар білдірді.



