Жаңалықтар

«Есіктен есікке» акциясы аясында Егінді ауылдық округінің әкімі Өсерова Верена Аманкелдіқызы ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындарға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететіні, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны туралы кеңінен айтылды.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесу ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті.

Ауыл халқы жаңа Конституция жобасына қызығушылық танытып, ел болашағы үшін маңызды бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

 

#референдум

#референдум2026

#жаңаКонституция

#новаяКонституция

#АтаЗаң

#15наурыз

Басқа жаңалықтар

Back to top button