Борсеңгір ауылдық округі әкімі Қ.С.Аубакиров мекеме қызметкерлерімен жаңа Конституция басым бағыттары туралы дөңгелек стол өткізді.

Конституция – мемлекеттің басты құжаты, сондықтан ондағы әрбір жаңашылдық халық мүддесіне қызмет етуі тиіс. Өзгерістер әділдік пен ашықтықты нығайтуға бағытталғанына сенемін. Бұл қадам еліміздің тұрақтылығы мен болашағын айқындайды.
Әр азаматтың пікірі маңызды, сондықтан мен белсенді ұстаным танытамын. Жаңару арқылы біз қуатты әрі біртұтас қоғам қалыптастыра аламыз.
Құқықтық жүйенің дамуы – елдің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін маңызды. Конституцияны жаңарту арқылы біз өткен тәжірибеден сабақ алып, қателіктерді түзете аламыз. Әр азаматтың қатысуы – демократияның кепілі. Біз тек дауыс беру арқылы емес, өз пікірімізді ашық айту арқылы да мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз.
Өз болашағымызды өзіміз айқындау – біздің басты міндетіміз. Бірлік пен саналы таңдау арқылы ғана мықты мемлекет құра аламыз. Жаңару – қоғамның біртұтас және қуатты болашағын қамтамасыз етудің кепілі деп ойлаймын деп сөзін аяқтады.



