ЖаңалықтарСаясат
Trending

Түркия Вице-президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

14-15 сәуір күндері Түркия Республикасының Вице-президенті Жевдет Йылмаз Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапардың басты мақсаты — екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, деп хабарлайды Basnews.kz.

Анадолу агенттігінің мәліметінше, cапар барысында Жевдет Йылмаз Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 14-ші отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған. Күн тәртібінде сауда, энергетика, көлік және инвестиция салаларындағы өзекті мәселелер талқыланбақ.

Сонымен қатар, Түркия Вице-президентін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы күтілуде. Сапар аясында екі елдің іскер топ өкілдерінің басын қосатын бизнес-форум мен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады. Бұл кездесулер екіжақты инвестициялық жобаларды дамытуға жаңа серпін бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button