Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады.
Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%).
Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті. Нақты көлем индексі – 102,1%.
Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.
Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.
Сондай-ақ жоғары өсім көрсеткендер:
жеңіл өнеркәсіп – 2,3 есе,
жиһаз өндірісі – +41,7%,
фармацевтика – +35,2%,
құрылыс материалдары – +27,7%,
химия өнеркәсібі – +18,4%,
азық-түлік өнімдері – +14,4%.
Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді:
құрылыс – 114,5%,
көлік және қоймалау – 112%,
өңдеу – 109,9%,
сауда – 105,1%,
ауыл шаруашылығы – 103,6%.
Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.
#Экономика #Өнеркәсіп



