BasNewsЖаңалықтар

Елімізде көлік кеңесі құрылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

«Еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері – Үкімет жұмысының аса маңызды бағыты. Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің бірі және дамудың үлкен әлекетіне ие. Осыған байланысты Көлік жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылданды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы көлік секторы Қазақстанның ЖІӨ 8,2% құрайтынын атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сала өсімінің қарқыны 5,1% құрады, ал жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны 640 мың адамнан асады.

Көлік жөніндегі кеңес Қазақстанның көлік саласын және транзиттік әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін, өңірлік көлік-логистикалық хабты құру, тұрғындардың мобильділігін арттыру, ел аумағы бойынша жүктердің жеткізілу мерзімін қысқарту сияқты міндеттерді қарастырады.

Кеңес құрамына ҚР мемлекеттік органдарының және көлік саласындағы ірі компаниялардың басшылары кірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button