BasNewsЖаңалықтар

Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынды

Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында айтылады, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшин жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына және Алматының арнайы органдарына жеке үйлерді жалға алу мәселесін, онда корпоратив немесе басқа да іс-шаралар ұйымдастыруды бақылауды тапсырды.

Еске салайық, бүгінде Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.

Back to top button