АймақтарЖаңалықтарҚоғам

Ұлытау ауданының Амангелді ауылында жаңа модульдік ветеринариялық пункт ашылды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен және Ұлытау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған жоба аясында бой көтерген бұл нысан биыл өңірде пайдалануға берілген 22 модульдік ветеринариялық нысанның бірі болып табылады.

 

Жаңа ветеринариялық пункт заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған және ауыл тұрғындарына сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуге арналған. Мұнда профилактикалық, диагностикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, ветеринариялық препараттарды сақтауға және мамандардың тиімді жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдай жасалған.

 

Жаңа нысанның пайдалануға берілуі ауданның ветеринариялық инфрақұрылымын одан әрі нығайтып, ветеринариялық қызметтің сапасын арттыруға, жануарлар денсаулығын қорғауға және өңірдегі қолайлы эпизоотиялық ахуалды сақтауға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button