BasNewsЖаңалықтар

Министр коронавирустың ресми статистикасынан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі коронавирустың ресми статистикасы бойынша қайтыс болған 48 адамнан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.

Елжан Біртановтың атап өтуінше, бүгінге дейін коронавируспен тіркелген 12 124 адамның 48-і қайтыс болды. Бұл – науқастардың 0,4 пайызы.

«Әрине, кей жағдайда, 37 жағдайда басқа аурудан қайтыс болған науқаста коронавирус болғандықтан олар да тіркеуге алынды. Бірақ, біздің ресми статистикаға кіргізген жоқпыз. Оның себебі – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәртібі, регламенті бойынша диагноз қоямыз», – деді ол.

Back to top button