BasNews
Trending

Ел мықтылары Жетісуда бас қосады

Шара 1–9 мамыр аралығында Талдықорған қаласындағы Орталық атшабарда өтеді.

Талдықорғанда көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан чемпионаты өтеді. Тоғыз күнге жалғасатын дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық команда жиналып, ел чемпионы атағы үшін тартысқа түседі.

Биылғы біріншіліктің жауапкершілігі ерекше. Өйткені бұл чемпионат Қырғыз Республикасында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы ұлттық құраманы жасақтаудың маңызды кезеңдерінің бірі болмақ.

Сондықтан алаңдағы әр кездесу тек командалық нәтиже үшін емес, ұлттық құрама сапынан орын алу үшін де маңызды. Бапкерлер елдің үздік көкпаршыларын саралап, халықаралық додада Қазақстан намысын қорғайтын мықтыларға назар аударады.

Талдықорған төріндегі тоғыз күндік бәсекеде шабандоздардың шеберлігі, командалардың тактикасы мен көкпар аттарының дайындығы қатар сыналады. Әр салымның артында — жеңіске деген жігер, әр тартыстың артында — чемпиондыққа деген үлкен талас бар.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button