BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Маңғыстау облысында СOVID-19 індетіне шалдыққандар санының 7 пайызға артуына және эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты бірқатар қызмет түрі жұмыстарын тоқтатады. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында айтылды, деп хабарлайды Basnews.kz Лада сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, келесі нысандардың жұмысына тыйым енгізіледі:

1) Кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, интернет және компьютер клубтары, ойын-сауық орындары;

2) Түнгі клубтар, кальян тарту орындары;

3) Ойын-сауық нысандары (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубы, квесттер, боулинг орталықтары және басқалары):

4) Сыйымдылығы 30 орыннан көп мейрамханалар, дәмханалар, тойханалар;

5) Жекелеген нөмірлері мен кабиналарын қоспағанда моншалар мен сауналар:

6) Балалар актракциондары.

Сонымен қатар мынадай шектеулер енгізіледі:

1) Облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, ауылдар арасындағы арлы-берлі жүруіне;

2) Қалалар мен аудандарда ішкі қалалық көліктер жұмысына таңертеңгі сағат 06-ден 10-00-ге дейін және кешкісін сағат 17-00-ден 21-00-ге дейін ғана рұқсат беріледі;

3) ойын-сауық және өзге де бұқаралық, сонымен қатар отбасылық, еске алу шараларын өткізуге;

4) Кәмелетке толмаған балалардың ересектердің қарауынсыз жалғыз жүруіне;

5) Адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктер мен дүкендерде маскасыз жүруге;

6) Мешіттерде жаппай жұма намазын оқуға ( жеке намаз оқу үшін әрбір адам үшін 1,5 метр арақашықты, санитарлық-залалсыздандырдың күшейтілген шараларын сақтау арқылы).

Карантиндік шаралар режимі мен мерзімі COVID-19 инфекциясының таралуына қатысты ахуалдың өзгеруіне байланысты қайта қаралуы мүмкін.

Бұған дейін Алматы облысында да карантин шараларының күшейтілгендігі хабарланған еді. Өйткені, өңірде өткен апта ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,5 пайызға жетіп отыр.

Back to top button