Formula 1 Ыстанбұлға қайта оралады: Гран-при 2027 жылдың қазан айында өтеді

Ұзақ үзілістен кейін FORMULA 1 TURKISH GRAND PRIX қайтадан күнтізбеге еніп, 2027 жылдың 1-3 қазан аралығында TOSFED İstanbul Park трегінде өтеді. Жарыс күндері 1-2 қазанда еркін жаттығулар мен квалификациядан басталып, 3 қазанда негізгі жарыспен түйінделеді.
Түркияның Formula 1 жарысына қайта оралуы алғаш рет сәуір айында ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өткен салтанатты шарада хабарланған болатын. Алты жылдық үзілістен кейін әлемнің ең үздік пилоттары мен мыңдаған жанкүйерлер қайтадан Ыстанбұлда бас қосады. Мұндай ауқымды шараны TOSFED İstanbul Park трегі 10-шы рет қабылдамақ.
Жүргізушілер TOSFED İstanbul Park трассасының 5,3 шақырымдық күрделі бағытында бақ сынайды. Обып өту мүмкіндіктері мол бұл трек өзінің биіктік ауысуларымен және техникалық күрделілігімен танымал. Әсіресе, әлемге әйгілі атышулы 8-ші бұрылыс (Turn 8) пилоттар мен шиналарға үлкен салмақ түсіріп, жоғары жылдамдықта асқан шеберлікті талап етеді.
Жарыс күнінің бекітілуімен бірге халықаралық ақпараттық науқанның жаңа кезеңі басталды. Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің координациясымен Түркия Туризмді ілгерілету және дамыту агенттігі (TGA) дайындаған «Catch It If You Can» жарнамалық фильмі 571 миллионнан астам қаралым жинады.
FORMULA 1 TURKISH GRAND PRIX кезеңі TOSFED-тің ұзақ жылдардағы еңбегінің және Түркия Мәдениет және туризм министрлігі мен Жастар және спорт министрлігінің қолдауының арқасында қайта тізімге енгізілді. Көлік жарыстары TOSFED-тің ұйымдастыруымен TOSFED İstanbul Park-та 2027 жылдан 2031 жылға дейін тұрақты түрде өткізілетін болады.



