Жаңалықтар

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.

Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.

 

Бағдарлама:

 

– 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы. 📍Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. 🕔 Уақыты: 19:00;

 

– 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы. 📍Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. 🕔 Уақыты: 17:00;

 

– 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. 📍Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.

🕔 Уақыты: 19:00.

 

Баршаңызды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырамыз!

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button