Жаңалықтар

⚜️ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

🔹 Бүгін Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 

🔹 Жәрмеңке таңғы сағат 08:00-де басталып, қала тұрғындарына аудан еңбеккерлері өндірген табиғи, экологиялық таза және сапалы өнімдер базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылды.

 

🔹 Жалпы, жәрмеңкеге ауданнан 60 автокөлікпен 143 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде жоғары сұрыпты күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, асқабақ, қызылша, қызанақ, бұрыш, алма, жүзім, қауын, қарбыз сондай-ақ, ет пен балық өнімдері сауда сөрелерінде жоғары сұранысқа ие болды.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button