BasNewsЖаңалықтар

Елорда маңындағы демалыс кешенінде тұтанған өрт сөндірілді

Елорда маңындағы «Аstana Resort» экокешенінде тұтанған өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BasNews.kz «ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап.

«Өрт сөндірушілер ұйымдасқан әрі жедел әрекеттерімен сағат 17. 10-да жалынның таралуын тоқтатып, 19. 00-де толық сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр. Қызыл жалын шарпыған болжамды аумақ 1106 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық және Ақмола облыстық Т өтенше жағдайлар департаменттерінің, «Астана орманы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бөлімшелері жұмылдырылды», – деп атап өтті елордалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында «Аstana Resort» демалыс үйі өрт құшағына оранған болатын. Аталған экологиялық кешен аумағындағы 3 қонақүй, 1 сауна, 1 асхана жанды. Елордадан алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін кешен аумағынан 45 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Back to top button