BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирустан тағы 6 науқас қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 6 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 47, 59, 68 және 70 жастағы төрт ер адам, Батыс Қазақстан облысында – 79 жастағы әйел, Қарағанды облысында – 67 жастағы ер адам көз жұмды.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус барлығы 13 319 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны – 8 345, қайтыс болды – 67 науқас.

Back to top button