BasNewsЖаңалықтар

Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан Telegram-каналындағы әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

«Оны жұмыстан ешкім қуған жоқ. Атышулы жағдайдан соң өз еркімен жұмыстан кетті. Байқау аясында жаңа орынбасар тағайындалады», – деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметітк желілерде Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Аланның жазбасы тарап, халық арасында наразылық тудырған еді. Кейінірек Шымкент әкімдігінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы қысқа белдемше киген қыздың видеосын жариялап, сынға қалған еді.

Желіде қызу талқыланған видеода қысқа қара түсті белдемше киген қыздың такси ұстап тұрғаны түсірілген болатын. Сол сәтте қыздың жанына қара түсті Mercedes келіп, ондағы жүргізуші қызға көлікке отыруды сұрайды. Жол-жөнекей ер адамның оны үстіндегі киіміне қарап, жезөкше деп ойлап қалғаны көрсетіледі. Көлік жүргізушісі көлік есігін құлыптап, қызға ақылын айтады. Бұл әрекеті желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.

Back to top button