Жаңалықтар

Өскеменде түзеу мекемесіне тыйым салынған зат лақтырмақ болғандар ұсталды.

Мұнара сақшысы күдіктілерді дер кезінде байқап, дабыл қақты

Өскемен қаласында тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің аумағына лақтырмақ болған үш қала тұрғыны ұсталды. Оқиға 8 қазанға қараған түні №22 түзеу мекемесінің аумағында орын алды. Мекемені күзетіп тұрған мұнара сақшысы қатардағы жауынгкр Еркін Серіков түзеу мекемесінің қоршауы сыртынан күдікті адамдарды байқап қалған. Ол дереу дабыл қағып, бұл туралы қарауыл бастығына баяндады. Сарбаздың қырағылығын байқап, әрекеттерінің әшкере болғанын түсінген күдіктілер қолдарындағы скотчпен оралған түйіншекті бақылау-іздеу жолағына лақтырып, оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Алайда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен түзеу мекемесінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, күдіктілерді қолға түсірді.

Тексеру барысында лақтырылған түйіншектің ішінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған азаматтардың біреуі бұрын сотталған.

Анықталған заттар тиісті тәртіппен рәсімделіп, әрі қарай тексеру жүргізу үшін құзырлы органдарға тапсырылды.

Оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button