BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус жұқтырған Теміртау әкімі емделіп шықты

Коронавирус жұқтырған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов емделіп шықты, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Ғалым Әбіханұлына жасаған соңғы ПТР тест теріс нәтиже көрсетті. Жақын арада ол өз қызметіне кіріседі деп үміттенеміз», – деді Теміртау қаласы әкімінің м.а. Мирас Құттыбай.

Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Back to top button