BasNewsЖаңалықтар

Елордада дәріханадан дәрі ұрламақ болған 18 жастағы жігіт ұсталды

Елордада дәріханадан психотропты препарат ұрламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Basnews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Есіл аудандық ПБ қылмыстық полиция қызметкерлері дәріханада фармацевті тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, психотропты препараттарды ұрламақ болған 2002 жылғы ер адамды ұстады.

Жас жігіт «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығында» есепте тұр.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 191-бабы бойынша сот алдындағы тергеу жүріп жатыр.

Back to top button