BasNewsЖаңалықтар

Алматыда маска тағудан бас тартқан мас ер адам күзетшіге шабуылдаған

Алматыда мас адам сауда ойын сауық орталығына маскасыз кіргізбеген күзетшіні ұрды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл оқиға Silk Way City сауда үйінде болған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық полиция департаменті тәртіп бұзған азаматтың ұсталғанын хабарлады.

«Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотқа берілді»,- деді Алматы ПД.

Back to top button