BasNewsЖаңалықтар

2022 жылға дейін қашықтық сақтау керек болуы мүмкін – Біртанов

2022 жылға дейін қашықтық сақтау керек болуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат поратлы Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«Құрметті достар! Сіздерге тек министр ретінде ғана емес, коронавирус эпидемиясына байланысты бүгінгі жағдайды уайымдайтын адам ретінде жазып отырмын. Әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз болуы керек уақыт келді. «Жеке карантин» ережелерін саналы түрде үйренетін уақыт келді», – деп жазды министр.

Біртанов жұқтырудың алдын алу үшін қарапайым шараларды атап өтті:

Мүмкіндігінше жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерде бір-бірімізден қашықтықты сақтауымыз керек. Егер сіз офисте жұмыс істейтін қызметкер болсаңыз, онда қашықтан жұмыс істеңіз. Туыстар және достармен бейнебайланыс, жаңа технологиялар арқылы сөйлесіңіз;

Қоғамдық орындарда маска тағыңыз;

Қолды сабынмен кемінде 20 секунд бойы жуыңыз, қолды санитайзермен тазалаңыз;

Отбасы мүшелерінің дене температурасын өлшеп тұрыңыз;

Жақында Гарвард қоғамдық денсаулық мектебіндегі профессордың мақаласы жарияланды. SARS-CoV-2 коронавирусының есебі көрсетілген. Онда маусымдық деректер, иммунитетке және бета-коронавирустың иммунитетіне қиюласуы қарастырылған.

«… SARS-CoV-2 күз-қыс маусымында қайта жаппай тарауы мүмкін деген болжам бар және жаңа толқыны болмауы үшін 2022 жылға дейін бірқалыпты әлеуметтік қашықтықты сақтау керек болатын шығар. Бұл уақытқа дейін жаппай иммунитет қалыптасуы мүмкін немесе вакцина дайын болып қалар. Қазір SARS- CoV-2-ге иммунитет қашан қалыптасады және қандай дәрежеде болатыны әзірге белгісіз. Басылымның деректеріне сүйенсек, түрлі болжам бар. Қысқа мерзімді иммунитет (40 апта) қалыптасса, онда жыл сайын жаппай таралу болады. Егер ұзақмерзімді иммунитет (104 апта) қалыптасса, жылына екі рет жаппай таралу болады. Ал егер өмір бойы иммунитет қалыптасса – вирус элиминациясы, онда 2024 жылы жаппай таралуы мүмкін», – деп жазды министр.

Back to top button